Тайынша ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектiлерiн орналастыру орындарын айқындау және бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрi мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекiтiлген Iшкi сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Тайынша ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Тайынша ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектiлерiн орналастыру орындары айқындалсын және бекiтiлсiн.
  2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң кейбiр қаулымдары күшiн жоғалтты деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тайынша ауданы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Тайынша ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары (қосымша) (DOCX 14 Kb)

11.05.2022
Қараулар: 166
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетEXPO