«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді ораналастыру орындарындағы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі) мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қараулар: 83