Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру туралы хабарландыру

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған
ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған
мемлекеттік гранттар қағидаларына


3-қосымша

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz;

байланыс телефоны 8 (715) 2 36 13 62

Конкурстың нысанасы: кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 — 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: KEZEKTE.KZ субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2023 жылғы «02» — «06» қазанды қоса алғанда дейін.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker?lang=ru

14.09.2023
Қараулар: 73
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет