Бизнестің жол картасы-2025

"Бизнестің жол картасы-2025" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 2021 жылы жалпы қаржыландыру сомасы 79,9 млн. теңгені құрайтын 12 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде 47,3 млн. теңгеге 7 кредитке кепілдік берілді, 32,6 млн. теңге сомасына 5 жобаға субсидия бөлінді, стартаптарды іске асыруға 9,0 млн. теңгеге 2 мемлекеттік грант берілді.

"Қарапайым заттар экономикасы" басым жобаларын Кредиттеу тетігі шеңберінде 2021 жылы 1 жоба (ЕДБ) бойынша субсидиялау шартына қол қойылды, 1 кепілдік берілді.Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

"Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы бойынша мемлекеттік гранттар беру тетігі

Мемлекеттік гранттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік гранттар беру қағидаларына (бұдан әрі — қағидалар) сәйкес беріледі.

Қағидаларға сәйкес мемлекеттік грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.

Гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін хабарландыруларға сәйкес регламенттелген құжаттарды қабылдау мерзімінде өтінім беру және құжаттар пакетін қоса беру қажет.

Платформа арқылы құжаттарды онлайн тапсыру мүмкіндігі бар qoldau.kz.

Құжаттарды тапсыру үшін платформаға өту, ЭЦҚ пайдалана отырып, Пайдаланушы келісіміне қол қою, қатысуға өтінімді толтыру және Қағидалардың 41-тармағына сәйкес келесі құжаттарды бекіту қажет (жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында келесі сканерленген құжаттардың көшірмелерін қоса береді):

  1. мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба);
  2. өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;
  3. бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат;
  4. ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен), кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;/ немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);
  5. өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат.

Құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру облыстық және аудандық баспа басылымдарында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының Тайынша ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің сайтында орналастырылады.

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетEXPO