«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрi мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекiтiлген Iшкi сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Тайынша ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Тайынша ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектiлерiн орналастыру орындары айқындалсын және бекiтiлсiн.
- Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң кейбiр қаулымдары күшiн жоғалтты деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Тайынша ауданы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
11.05.2022
Қараулар: 792
Қараулар: 792